KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-ның Феклистовка ауылында жаңа медпункт ашылды (видео)

7.11.2024, 16:15 258 Гульжан Мусина

 

Бүгін Алтай ауданының Феклистовка ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында жаңа медициналық пункт ашылды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, соңғы 40 жылдан бері мұнда жаңа әлеуметтік нысан салынбаған,- деп хабарлайды  Altainews.kz  тілшісі. 

Ашылу салтанатына арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев ауыл тұрғындарын осы маңызды оқиғамен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

– Өңірде барлығы 36 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған, ал бүгін жиырмасыншы медпункт өз есігін ашып отыр. Бұл – біздің өңіріміз үшін үлкен жаңғыртудың белгісі әрі маңызды әлеуметтік нысан. Мердігер компанияға жұмысты сапалы әрі уақытында орындағаны үшін алғыс айтамыз, – деді ол.

Медициналық пунктте медбике қызмет атқарады. Серебрянск қалалық ауруханасының бас дәрігері Сәтбек Борбасовтың айтуынша, аптасына бір рет педиатр мен жалпы тәжірибелік дәрігер кезекпен келіп отырады. Ауылдық округте 200-ден астам тұрғын бар, оның 51-і – балалар.

Құрылыс жұмыстарын шілде айында бастаған «CEO Group» ЖШС мердігерлік ұйымы атқарды. Медпункт электр жарығы өшкен жағдайда дизельді генератор арқылы үздіксіз жұмыс істейді.

Медициналық пункттің айналасын абаттандыру үшін тротуар плиткалары төселіп, газонға орын дайындалды.

Ел Президентінің Жолдауына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары Шығыс Қазақстан облысында 36 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу