Әлеуметтік кәсіпкерлік: Өскеменде жаңа білім және спорт орталығы ашылды
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Өскеменде Даму қорының қолдауымен «Zeyin» білім және спорт орталығы ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әлеуметтік кәсіпкерлік – қоғамдағы мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бизнес моделі. Ол кәсіпкерлерге қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу арқылы елдің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, өйткені бұрын пайдаланылмаған ресурстарды экономикалық айналымға енгізеді.
Орталықты ашу үшін мекеме басшылығы банктен несие алып, оның шамамен 25%-ын мемлекет Даму қоры арқылы 5 жыл бойы субсидиялайды.
Ақерке Рағызбаева
Фото: Аяужан Өтеулинова
Видео: Жәнібек Ырысбай