Мемлекет басшысы ОСК-ның екі жаңа мүшесін тағайындады
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясына екі жаңа мүшені тағайындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Азамат Мақсұтұлы Айманақұмов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;
Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
Бұған дейін Президент Жарлығымен Сабила Мұстафина мен Константин Петров ОСК мүшелері қызметінен босатылған болатын.
Оқи отырыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант бердіПрезиденттікке кандидаттардың сайлау алдындағы дебаты 11 қарашада өтедіМаңғыстау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев елші болып тағайындалдыПарламент Сенаты депутаттарының сайлау науқаны бойынша отырыс өттіОрталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға екінші кандидатты тіркеді