Қарашадағы қауіптер: құтқарушылардың ескертулері
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қараша айында болуы мүмкін қауіптер туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Altainews.kz.
Күздің соңғы айында ауа райының суытуына байланысты пештер мен электр құрылғыларын белсенді және кейде дұрыс пайдаланбау салдарынан өрт шығу қаупі жоғары. Пешті дұрыс орнатпаған үйлерде көміртек тотығымен улану қаупі сақталады.
Құтқарушылар тұрғындарға электр сымдарының жағдайын тексеруге кеңес береді, себебі қысқы уақытта жүктеме артады. Үйдегі пеш дұрыс күйде болуы, ақталып, алдын ала жылу қаңқасы бар екендігіне көз жеткізу қажет. Жанғыш сұйықтықтар мен заттарды пештің жанына қоюға қатаң тыйым салынады, - деп ескертеді ШҚО ТЖД.
Қарашаның екінші жартысында өзендерде мұз қату үдерісі басталады. Осыған байланысты, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін. Құтқарушылар келесі жағдайлар ерекше қауіпті екенін айтады:
- алкогольді ішімдіктердің әсері;
- балықшының жүзе алмауы;
- дауылды ауа райында балық аулау;
- балықшының жалғыз қайықта болуы;
- түнгі уақытта балық аулау.
Еске салайық, «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне» сәйкес, мұздың қалыңдығы 10 см-ден аз болғанда, оған шығуға және көлікпен кіруге тыйым салынады. Мұздың қалыңдығы 25 см-ден аз болған жағдайда, өзіңізбен бірге ысқырғыш, құтқару кеудешесі, 11 мм-ден кем емес қалыңдықтағы және 12 метрден кем емес ұзындықтағы арқан, 2 метрден ұзын таяқша алып жүру қажет.
Сондай-ақ, тұрғындарға дауылды ескертулерді елемей, мүмкіндігінше алыс сапарларды шегеруге және елді мекендерден шықпауға кеңес беріледі. Егер шығу қажет болса, көлікті қысқы жағдайға дайындаңыз: - дөңгелектерді қысқыға ауыстырыңыз;
- көлігіңізді күрекпен, жылы киімдермен, қосымша отынмен, сүйреу арқанымен қамтамасыз етіңіз;
- ауа райы туралы «Дармен» мобильді қосымшасынан алдын ала мәлімет алыңыз.
Елді мекендерде көлік жүргізушілері жылдамдық пен қашықтықты сақтауы қажет, ал жаяу жүргіншілер жарақат алу қаупін төмендету шараларын қабылдағаны жөн.
Фото: ШҚО ТЖД