KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
444.14 477.05 4.85

ШҚО-да тұрғын үй бағасы арзандайды

22.02.2019, 06:10 122

ШҚо әкімі Даниал Ахметов есептік кездесу жиыны барысында өңірде жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер бағасының арзандайтынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Халықты баспанамен қамту мақсатында аймақ басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне, сондай-ақ облыстық құрылыс басқармасына төрт  тапсырма берді.


Бірінші –  шығысқазақстандықтарды биылға  жоспарланған 443 мың шаршы метр баспанамен қамту және жоспардағы 7 әлеуметтік нысанды салып бітіру.


Екінші –  инженерлік желілерге шығын аз жұмсалатын  кешенді құрылыс практикасын енгізу. Мысал келтіретін болсақ: Өскемендегі 19 шағын ауданның  117-118 позицияларында орналасқан 9 қабатты 198 пәтерлі  үйдің желі құрылысына жұмсалатын шығын көлемі 1,0 млрд теңге. Бұл жерлердегі көпқабатты үйлердің бір шаршы метрі 170 мың теңгеден. Ал осыған ұқсас кешенді инженерлік құрылыспен салынатын үйдің шаршы метрі – 109 мың теңге. Айырмашылық – 61 мың теңге.


Үшінші – Аудан орталықтарына және 100 ауылға бағдарламаға сәйкес абаттандыру жұмыстарын жүргізу.


Төртінші – Облыс орталығындағы  500 орындық екі концессиялық  балабақша құрылысын аяқтау,  Өскемен мен Семейде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тағы 2 балабақша құрылысын бастау.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив