KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
443.35 475.54 4.82

Қазақстанда тағы екі дәріні сатылымнан алып тастады

21.02.2019, 04:02 88

Қазақстанда "Эреспалдан" бөлек, құрамында фенспириді бар тағы екі дәрі сатылымнан алынды деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Тенгриньюске сілтеме жасап. Олар – украиналық "Инспирон" және түркиялық "Тирфинс" препараттары.


Фенспиридтің құрамындағы белсенді қоспа жүрек соғысын жиілетіп, тоқтатуы мүмкін. Бұл препараттар жөтел, ларингит, бронхит, бронх демікпесін емдеуге қолданылып келген.


Бірақ аталған дәрілердің тіркеу куәліктері әлі кері қайтарылған жоқ. Дәрінің нақты қауіпті екені анықталғанда ғана мемлекеттік тіркеуден алынып тасталмақ.


- Екеуін де біздің елде сату тоқтатылды. Еуропа медицина агенттігінен қосымша ақпарат күтіп отырмыз. Тағы ақпарат келіп түскен жағдайда қосымша шешім қабылдаймыз - дейді ДСМ Фармация комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.


Естеріңізге сала кетейік, жаңа жылдың алдында ел дәріханаларынан жөтелге қарсы «Эреспал» дәрісі алынып тасталған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив