KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
440.92 475.36 4.82

Тегін дәрі-дәрмек неге кешігіп жатыр?

11.04.2018, 14:10 217

Жылда қайталанатын, түйіні шешілмей-ақ қойған осы мәселені анықтау үшін өткен аптада өңірімізге Астанадан арнайы комиссия келді. Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен Фармация комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбековтың жетекшілігімен келген комиссия мүшелері амбулаторлық науқастарға тегін дәрі-дәрмектің уақытында жетпей жатуының себептеріне талдау жасады.


Биылдан бастап елімізде тұрғындарды мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі енгізілгені белгілі. Бұл қызмет енді бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС-не жүктелген еді. Орталықтандырылған жүйенің артықшылықтары мол болады деп күтілгенімен, алғашқы тоқсанның қорытындысы бұл жобаның әлі де «шикі» екенін көрсетіп берді.


Алдымен өңірдегі қатерлі ісіктің соңғы стадиясына шалдыққан науқастар есірткілік медициналық препараттарсыз қалды.


Фармация комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков онконауқастарға амбулаторлық тегін медикаменттердің уақытында келіп түспеуін былайша түсіндірді:


-Бұл проблема бұрыннан қызмет көрсетіп әкелген фарм- компаниялардың қызметінен бас тартудан шықты. Есірткілік медикаменттерді сақтау мен тасымалдау ерекше жағдайды талап етеді. Сол себепті жыл басынан бері бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» жариялаған бірнеше конкурста тасымалдаушы табылмады. Тығырықтан шығу үшін қазір облысқа 500 ампула морфин, 5 мың ампула трамадол жеткізілді. Бүгінгі таңда тасымалдаушы табылды, 10 сәуірде өтетін конкурсқа қатысам деп отыр. 30 наурызда квота бекітілген. Барлық процедуралар сәтті аяқталса, наркотикалық дәрілер сәуірдің 25-не дейін сіздерге келіп жетеді. Жағдай ерекше бақылауда болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив