KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 5 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Аяздағы үзілістер: Жазғы каникул қысқартыла ма?

20.02.2019, 08:31 46

Желтоқсан-ақпан аралығында аймақ мектептерінде аяз, жел мен көктайғақ салдарынан сабақ жиі тоқтатылды. Енді оқушылар оқу бағдарламасын қалай қуып жетеді? Жазғы каникул қысқартыла ма? Анық-қанығын Алтайньюс тілшісі хабарлайды.


Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, Алтай ауданының оқушылары жалпы алғанда 29 оқу күнін, Шемонаиха ауданы — 24, Бородулиха ауданы мен Өскемен, Риддер қалалары 7 күннен жіберіп алған. Айта кетеу керек, бұл тек 1 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін түгел мектепке бармаған күндер.


Білім басқармасының өкілдері оқу бағдарламасын қуып жету үшін оқушылардың жазғы демалысын қысқартып немесе сабақтар санын арттырып, балаларға салмақ салудың қажеті жоқ екенін айтты.


«Өйткені мұғалімдер «суық күндері» оқушылармен түрлі формада өздік жұмыстар жүргізді. Қашықтықтан оқыту – соның бір мысалы», - деп түсіндірді басқармадағылар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив