Тұрғын үй мәселесі оң шешімін тауып келеді – Марқакөл ауданы
Фото: depositphotos.com
Биыл Марқакөл ауылында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша төрт үй салынып жатыр. Бұл баспаналар көпбалалы отбасыларға берілмек.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 80 млн теңге бөлінген. Бұл қаражатқа қайталама нарықтан 11 тұрғын үй сатып алу жоспарланған, деп хабарлайды Altainews.kz.
Бүгінде сегіз үй сатып алынды. Аймақ басшысы тұрғын үйді сатып алудың қосымша қажеттілігін қарастыруға дайын екендігін айтты.
– 24 және 12 пәтерлі тұрғын үйлерді қалпына келтіру қымбатқа түседі. Сондықтан аудан әкімінің оффтейк-шарты бойынша тұрғын үйлерді қайта құру туралы ұсынысын қолдаймын. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына аудан әкімдігімен бірлесіп бұл жұмысты жүзеге асыруды тапсырамын, – деді Ермек Көшербаев.
Өңір басшысы жауапты мамандарға аталмыш мәселеге қатысты түпкілікті ұсыныс енгізуді тапсырды.
Оқи отырыңыз
Глубокое ауданында көпбалалы және кезекте тұрған отбасылар үшін 60 пәтерлі үй салындыКөп балалы отбасылар биыл баспаналы болады – ГлубокоеКүршім ауданының сегіз ауылында тұрғын үйлер салынып жатыр«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасымен бірнеше үй салынадыКөпбалалы отбасыларға баспана беріледі - Глубокое