Паралимпиадада қос жүлде бұйырды
t.me/sport_comiteti
Отандастарымыз пара дзюдодан бір күміс, бір қоланы Қазақстан қанжығасына салды.
Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері, Ерғали Шәмей күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Спорт комитеті ақпаратына сүйеніп.
Пара дзюдодан J2 санаты бойынша 57 келідегі Даяна Федосова қола жүлде үшін белдесуде Түркия өкілі Дёндю Ешилюртты айқын жеңіп, ел қоржынына кезекті жүлдені салды.
Артынша пара дзюдодан J1 санатында 73 кг салмақта өнер көрсеткен Ерғали Шәмей финалдық белдесуде румыниялық балуан Флорин-Александр Бологаға жол беріп, Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды.