KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

«Келешекті ойлауымыз керек»: Марқакөл тұрғыны АЭС салуға қатысты пікір білдірді

6.09.2024, 13:18 150 ALTAINEWS

Дәл қазір қоғамда атом электр стансасын салу мәселесі қызу талқыға түсіп жатыр. Ел тұрғындарының көпшілігі бұл бастамаға қолдау білдіріп жатыр. Осы орайда Марқакөл ауданының Ержан Кабибирахман есімді тұрғыны өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

Оның айтуынша, келешекті ойлайтын ел АЭС құрылысынан бас тартпауға тиіс.

– Қауіпсіздік талаптары сақталса, неге АЭС салуды қолдамасқа. Бұл бүкіл әлемде бар ғой. Жердің асты-үстіндегі байлық та түгесіледі. Сондықтан келешекті ойлауымыз керек, – деді Марқаөкл тұрғыны.

Айта кетейік, елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтеді. Мұны Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеп, тиісті Жарлыққа қол қойды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив