KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 0,7 м/с, В
479.71 533.77 5.16

БҒМ нөлінші сыныпты енгізуге қатысты мәселені түсіндірді

19.02.2019, 11:55 184

ҚР Білім және ғылым минстрлігінің өкілдері нөлінші сыныпты енгізуге қатысты мәселені түсіндірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Нөлінші сыныпты қазірге кезде балабақшада арнайы даярлайтын топтар арқылы да оқытады. Егер мектептер өз ғимаратында нөлінші сынып аша алатындай мүмкіндігі болса, олардың ашуға толық құқығы бар. Балабақшада нөлінші сынып енгізуге ешкім тыйым салған жоқ. Сондықтан 2020 жылы нөлінші сыныптар еліміздің барлық балабақша мен мектебінде ашылады, – деді БҒМ.


Қазір білім туралы заңнамада алты жастағы баланың бірінші сыныпқа баруы керектігі туралы норма бар. Министрлік өкілдерінің мәліметінше, бұл норма өзгереді.


– 2019 жылы былтырғыдай 1 қыркүйекте алты жасқа толған балаларға мектепке баруға болады. Ал 1 қыркүйекте алты жасқа толмаған балаларды ата-аналардың қалауы бойынша метепке немесе балабақшаға жібере алады. 7 жасатағы балалар да бірінші сыныпқа қабылданады. Бірақ егер де балалар мектеп алдындағы дайындықты балабақшада өтіп қойса, онда олар бағдарламаны қайтадан өтіп жатпауы үшін мектепке баруы керек, – деді ведомство өкілдері


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив