KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,9 м/с, В
479.71 533.77 5.16

12 жылдық оқыту үлгісі дегеніміз 0 сыныпты қоса отырып 11 сыныпта білім алу

15.09.2017, 05:26 144

Облыста «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Туған мектеп» жобасы іске асырылуда. Өңір басшысы Даниал Ахметов Зайсан ауданына барған жұмыс сапарында орта мектептерді қолдауға бағытталған «Туған мектеп» жобасын жүзеге асыруды ұсынған еді.


Қазіргі уақытта білім басқармасы аталған жоба аясында бағдарламалар әзірлеуде.

Бұл орайда өздері білім алып, түлеп ұшқан оқу ордасындағы география мен тарих сыныптарын заманауи құралдармен жабдықтаған Қаратал орта мектебінің түлектерін үлгі етуге болады.


12 жылдық оқыту үлгісін кей ата-аналар дұрыс түсінбей, байбалам салып жатады. Мәселен, 5-6 жастағы балалар нөлінші сыныпқа (мектепалды даярлық тобына) барады. Демек реттік нөмірі он екінші сынып болмайды. 12 жылдық оқыту үлгісі дегеніміз 0 сыныпты қоса отырып 11 сыныпта білім алу. Ата-аналар балаларын 0-сыныпқа (мектепалды даярлыққа) 5 немесе 6 жасынан беруге құқылы. Осыған байланысты ата-аналардың қалауына және балалардың дайындығына қарай бірінші сыныпта 6 және 7 жастағы балалар қатар оқи береді.


Мектеп асханаларында ұйымдастырылған кешенді ыстық тамақтың бағасы 270-350 теңге аралығында. Бағаның әр мектепте әртүрлі болуы кешенге кіретін тамаққа байланысты. Яғни, оқушы кешенді тамаққа қосымша ұннан пісірілген тағамдарды немесе басқа тағам түрін сатып алатын жағдайлар кездеседі. Білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинау фактісі орын алған жағдайда ата-аналар облыстық білім басқармасының 70-18-28 сенім телефонына хабарласу қажет.


Тағы бір айта кететін жайт, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев алдағы 2019 жылдан бастап ағылшын тілінде сабақ беретін ұстаздардың жалақысына үстемақы қосатынын мәлімдеді. Биылдан бастап еліміздің бар өңірінде 10-11 сынып оқушылары кезең-кезеңмен төрт пәнді шет тілінде оқуға көшеді. Жоғарғы сыныптарда жаратылыстану бағытындағы химия, биология, информатика және физика пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Республика бойынша осы төрт пәннен сабақ беретін 12602 мұғалім тіл курстарына қатысады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив