KZ
Өскемен
+29°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Ауылдарға автобус. ШҚО-дағы 12 аудан бойынша 65 маршруттың тізбесі жасалды

12.02.2019, 08:30 131

Шығыс Қазақстанның тұрғын саны 100 адамнан асатын 147 ауылы жолаушы көлік қатынасымен дұрыс қамтылмаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Заң бойынша еліміздегі тұрғын саны 100 адамнан асатын елді мекеннің барлығы жолаушы көлік тасымалымен қамтамасыз етілуі тиіс. Шығыс Қазақстанда бұл санатқа жататын 587 ауыл бар. Қазір солардың тек 440-ы, яғни, 75 пайызы ғана жолаушы көлік қатынасымен тұрақты қамтылып отыр. Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов БАҚ өкілдеріне осындай дерек айтты.


Мемлекет ауданаралық және ауданішілік көлік қызметін субсидиялау арқылы қолдап отыр. ШҚО-ның 10 ауданы бұл мақсатқа жылына 144 млн теңге жұмсайды.


«Осы олқылықтың орнын толтыру үшін 12 аудан бойынша 65 маршруттың тізбесі жасалды Аудан әкімдері осы бағыттары тасымал ұйымдастырып, оны субсидия арқылы қолдау жолдарын қарастыруы тиіс. Әзірге бұл мақсатқа Аягөз, Глубокое, Жарма, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үржар және Шемонаиха аудандары қаржы бөлді» - дейді Нұржан Жұмаділов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив