KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.03 480.38 4.91

Жолаушылар тасымалы тәртібін бұзған кәсіпорын жауапқа тартылады

23.10.2013, 18:00 98


"Өскемен–Ақсуат" бағытына жолаушы тасымалдаушы «Автопассажиртранс» ЖШС-не жолаушылар тасымалы тәртібін бұзғаны үшін шара қолданылуы мүмкін. Тарбағатайлықтардың айтысына қарағанда, Өскемен мен аудан орталығының арасында екі таксиден басқа көлік қатынамайтын көрінеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тұрғындардың осындай шағымдарына байланысты жуық арада тексеру жүргізілетінін айтты ШҚ облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Жұмәділов.

«Өскемен–Ақсуат» бағытына жолаушы тасымалдауды қамтамасыз ету құқығы алдын ала өткізілген конкурс қорытындысы бойынша 2012 жылдың 24 қыркүйегінде «Автопассажиртранс» ЖШС-не берілген. Серіктестік аталған бағытқа күн сайын жолаушыларға қолайлы, үлкен автобус шығарып келді. Алайда, автобекеттің бас диспетчерінің айтуынша, осы бағытқа жүретін жолаушылардың аз болуына байланысты қазір автобус аптаның 5,6,7 күндерінде ғана қатынап отыр. Жолаушылар тасымалы тәртібінің бұлайша бұзылу себебіне орай басқарма осы дерекке жуық арада тексеру жүргізеді, аталған бағыт бойынша тасымал тәртібі бұзылып отырғандығы анықталса, «Тасымалдаушыға» тиісті шара қолданылады. Өскемен–Ақсуат бағытындағы жолаушы тасымалы келісімде көрсетілгендей тәртіпте орындалмай отырса, басқарма мен «Автопассажиртранс» ЖШС арасындағы келісім бір жақты негізде бұзылады", деді Нұржан Жұмәділов.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив