KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
443.16 480.39 4.94

Биылғы қыс автобекет қызметкерлеріне қиындық туғызуда

9.01.2018, 11:01 207

Өскеменнің қысы қатал әрі қытымыр болғандықтан ,«Өскемен автобекеті» ЖШС-гі автопаркінде қысқа дайындық жүргізілген болатын. Бірақ, оған қарамастан проблемалар әлі де жетіп- артылады.


- Автобкеттің қызмет көрсету сапасы жақсы. Бірақ қала арасында қатынайтын автобустардың жағдайы мәз емес,- дейді жолаушы. - Кейбір автобустар суық, аяздан болар есігі қатып қалатын автобустар да кезіккен. Мен өзім 14 желтоқсан күні Үржарға баратын автобуста осындай жағдайдын куәсі болдым.


- Қыс мезгілінде автобус тұрмақ жеңіл көлікті басқарудың өзі қиын, - дейді автобус жүргізушісі. – Бұл кездері барлығы ауа-райына байланысты. Жол тайғақ, боран болса тіптен қиын, жолды көре алмайсын. Биылғы қыс қатал болып тұр. Бірақ біз жолаушыларды белгіленген жерлеріне аман- сау уақытылы жеткізуге тырысамыз әрине.

Қазіргі уақытта бұл көлік түрімен жолаушыларды тасымалдау - 328 тұрақты бағыттарда, оның ішінде: 145-қалаішілік; 51-ауданішілік; 80-облысішілік қалааралық және қаламаңы бағыттары; 20 - Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау қалаларымен байланысты қамтамасыз ететін облысаралық, 18 - облыстағы елді мекендерді Ресей қалаларымен: Барнаул, Новосибирск, Омск, Томск, Рубцовск, Кемерово, Красноярск, Новокузнецк, Змеиногорск; Қытай Халық Республикасы –Үрімші, Алтай қалаларымен байланысын қамтамасыз ететін халықаралық бағыттарда жүргізіледі.


Күн сайын автобекеттен 128 рейс шығады.


Ал , қызмет көрсету сапапсына келетін болсақ, автобекетте жолаушыларға тұрмыстық қызмет көрсету үшін жүкті сақтау камерасы, анамен бала бөлмесі, қалааралық және халықаралық телефон байланысы, асхана және  тәулік бойы күзет қызметі бар. Өскемен автобекеті облыстың басқа қалаларының  жолаушыларына да қызмет көрсетеді, мысалы Риддер, Зырян, Семей қалаларында «Өскемен автобекеті» ЖШС-нен жүретін облысаралық және халықаралық бағыттар бойынша автобустарға билеттер сатылады. Сондай –ақ Сіздерге онлайн-брондау мүмкіндігін, автобилеттерді интернет-сайт арқылы сатып алуды және Касса 24 жүйесі арқылы төлем жасап ,терминалдар желісі арқылы билеттерді сатып алуды ұсынады.


Сонымен қатар, диспетчерлік бөлім, кассалармен анықтама бюросы бірыңғай ақпараттық компьютер желісімен қамтамасыз етілген, ол жедел керек ақпаратты ұсынуға, барлық автобустық жолаушы бағыттары бойынша билет сатуға, қалалық жолаушы көлігіне автобилеттермен айлық жол жүру билеттерін сатуға мүмкіндік береді.


Автобус облысты елді мекендермен байланыстыратын негізгі қоғамдық көлік түрі болып табылады.


2017 жылдың қорытындысы бойынша адам саны 100-ден асатын елді мекендердің жолаушы автокөлігімен қамтылмаған үлесі 30 % құрайды. Облыстағы 616 елді мекен (автобус қатынасын ұйымдастыруды талап ететін) тұрақты көлік қатынасымен 432 (70% ) қамтамасыз етілген, 184 (30%) қамтамасыз етілмеген.   http://www.akimvko.gov.kz/kz/


 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив