KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями Штиль
495.95 524.37 4.98

"Бұл заңды құбылыс". Елбасының Конституциялық кеңеске өтініш білдіруі туралы

5.02.2019, 16:05 165

Кешелі бері Мемлекет басшысының Конституциялық кеңеске өтініш білдіруі  бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарыса жазылып жатыр. Бірі өтініштің заңдылығын алға тартып, жұмыс бабындағы мәселе деп қараса, енді бірі Елбасының бұл әрекетінен саяси астар іздеумен әлек.


Біз алғашқылардың пікірін ұстанамыз. Бұл заңды құбылыс. Кез-келген мәселеде құқықтық, демократиялық принцип сақтау қажеттігінің жарқын көрінісі.


Қолданыстағы Ата заңымыз қабылданған күннен бастап, Конституциялық кеңеске 220 өтініш жолданған екен. Оның 22 Президент атынан бағытталыпты. Демек, бұл үрдіс уақыт өлшемі, заман талабына сай орын алатын жағдай. Оны, саясиландырып, «Елбасы кетеді екен», «Президент сайлауы болғалы жатыр», деп, жоқ жерден елді дүрліктіру дұрыс емес.


Меніңше, бүгінгі күні, алдымызға қойған мақсаттарға жетелеп, көшімізді озық ойлы отыз елдер қатарына бастаған Нұрсұлтан Әбішұлының, қажыр-қайраты да, ақыл-парасаты да жеткілікті. Кешегі өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы – Мемлекет басшысының елдегі жағдайдан толықтай хабардар, әр өңірдің тынысымен таныс, мақсатқа жету жолында нақты бағдарының бар екенің айқын көрсетті. Осы және өзге де жайттар сайлаудың мерзімінен бұрын болатындығы туралы бос қаңқу сөзді жоққа шығарады. Олай болса, алаңдауымызға еш негіз жоқ!


Ел аман, жұрт тыныш, бағытымыз айқын...


Ылайым, бірлігіміз артып, еліміздің мәртебесі асқақтай берсін!


 


Арап Еспенбетов


Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, ф.ғ.д., профессор

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу