KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Жылу трассасын қалпына келтіруге қатысқан слесарь Антон Гордеев туған күнін жұмыс орнында өткізді

Кеше, 16:00 25 Назерке Каримова

 

Altainews.kz тілшісінің хабарлауынша, «Шығыс жылу» АҚ слесары Антон Гордеев өзінің туған күнін жұмыс орнында, жылу трассасындағы олқылықты жою кезінде атап өтті.  

Сәтпаев даңғылындағы №10 жылу магистраліндегі жағдайды жою жұмыстары тәулік бойы жалғасты. Слесарь Антон Гордеев өз 49 жасын жұмыс орнынан кетпей қарсы алуға мәжбүр болды.  

Туған күн иесінің өзі бұл жағдайға отбасының түсіністікпен қарағанын айтады.  

— Шұғыл шақыртуларға жиі шығуға тура келеді, отбасым бұл жағдайға үйренген, кейде жұмыс орнында ұзақ кідіріп қалатынымды түсінеді. Сондықтан біз мерекені кейінге қалдырдық, — дейді Антон Гордеев.  


Антонның «Шығыс Жылу» АҚ еңбек өтілі 9,5 жылды құрайды. Оның айтуынша, Өскеменде мұндай ауқымды жағдай көп жылдан бері болмаған.  

— Соңғы бірнеше жылда бүкіл шағын ауданның жылусыз қалуы сияқты үлкен жағдайлар болған жоқ. Сондықтан біз түн бойы барлық күш-жігерімізді жұмсадық. Түрлі жағдайлар болды, бірақ біз олардың бәрін еңсердік және алдағы уақытта да сапалы жұмысымызды жалғастырамыз, — деді слесарь.


Ол сөзінің соңында жұмыстағы борыш пен жауапкершілік сезімін бәрінен жоғары қоятынын ерекше тілге тиек етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу