KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями Штиль
484.37 531.06 5.05

Өскеменде полиция көлігі көшедегі адамды қағып кетті (видео)

5.02.2019, 08:45 138

Өскеменде патурльдік көлік көшедегі адамды қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жол көлік оқиғасы Тәуелсіздік даңғылы мен Стаханов көшесінің қиылысында болды.


– Әйел адам бағдаршамды жаяу жүргінші жолымен өтіп келе жатқан. Осы сәтте оны Глубокое аудандық полиция бөлімшесінің қызметтік көлігі қаққан. Түрлі жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті.


Бейнежазбадан байқасақ, полиция көлігі айтарлықтай жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Тежегішті басқаннның өзінде инерция күшімен келіп, жаяу жүргіншіні қаққан.


Полицияның мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК 345 бап 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жағдайдың анық-қанығы белгілі болған кезде, айыпты азамат екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


https://www.instagram.com/p/BtfQdRilELj/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив