KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, З
484.37 531.06 5.05

Полиция көлігі қағып кеткен Өскеменнің тұрғыны ауруханада көз жұмды (видео)

6.02.2019, 05:12 146

Полиция көлігі қағып кеткен қала тұрғыны қайтыс болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жол-көлік оқиғасы кеше сағат 10.30 шамасында Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылы мен Стаханов көшесінің қиылысында болған. Ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен жаяу жүргінші бүгін таңертең жан тапсырды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті мәлімдеді.


– Полиция қызмет көлігінің қатысуымен болған жол апатына байланысты қылмыстық іс енді ҚР ҚК 345 бап 3 тармағы бойынша жүргізілуде, – деп мәлімдеді ПД.


Департаменттің мәлімдеуінше, іс бойынша барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Сот-автотехникалық сараптамасы тағайындалды. Тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып, жиналған материалдар негізінде заңды процессуалдық шешім қабылданады.



Видео: YK.kz cайтынан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив