Өскеменнің ресми логотипін әзірлеп, бекіту жоспарланып жатыр
Өскеменнің ресми белгісі пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала логотипін әзірлеу – шаһар басшысы Жақсылық Омар жариялаған сәулетші-студенттер мен дизайнерлер байқауының бір номинациясы болып отыр. Сондай-ақ номинациялар қатарында – қала елтаңбасын жасау да бар екенін, айта кетейік.
– Ешкім де қала елтаңбасын өзгерткелі жатқан жоқ. Бірақ қаланың өз логотипі жоқ екені рас. Жалпы логотипті әзірлеп, бекіту жоспарда бар. Егер әлдекім осы номинацияны таңдап, өз жобасын ұсынса, оны қарастырып көруге болады. Біз бар болғаны жастардың ой-қиялына ерік бергіміз келеді. Өскеменнің өз логотипі болса, оны біздің фирмалар, кәсіпорындар, түрлі өнім өндірушілер пайдалана алады, – дейді Өскемен қаласының бас сәулетшісі Дәурен Қасымов.