KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

ШҚО тұрғынының тауықтары түрлі түсті жұмыртқа таба бастаған

30.01.2019, 10:02 113

Ұлан ауданына қарасты Герасимовка ауылының тұрғыны өсіріп жатқан ерекше мекиендер қыс айларында түрлі түсті жұмыртқалар таба бастаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қуанның айтуынша, бұл тауықтардың тұқымы «Амераукана» деп аталады. Оларды былтыр мамыр айында кішкене балапан күйінде сатып алған, алдағы мамырда бір жыл болады. Бес айға толар толмас уақытта жұмыртқалай бастаған. Түрлі түсті жұмыртқалардың түсі болмаса азық ретінде кәдімгі жұмыртқалардан еш айырмашылығы жоқ.


– Тауық түрлерінің ішінде осы тұқым маған ұнады, сондай тентек те емес, төзімді әрі жуас келеді. Осыған дейін кохинхин, брама тауықтарын ұстаған едім, олардың балапандары өте әлсіз болады. Қазір менде он бас амераукана тауығы болса, күніне қорадан бес түрлі түсті жұмыртқа жинап аламын. Олар кәдімгі үй тауықтарымен бірге ұсталады, алайда қораздар амераукана тұқымынан. Алдағы уақытта бірыңғай амераукананы көбейтпекшімін. Сондықтан қыстан гөрі жазда жұмыртқалағаны жақсы болар еді, - дейді Қуан Советхан.



Негізі Күршім ауданының Бурабай ауылында туып өскен оның отбасында кішкене күнінен ата-анасы үй құстарын молынан ұстаған екен. Бұған дейін асыл тұқымды иттер, қоян өсірумен де айналысқан шаруақор Қуанның үлкен ауласында сәндік бентамка және Павлов тауығының будандасып кеткен (аборигендері) түрлері де болған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу