KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да 126 адам екпеден бас тартқан

27.01.2019, 11:23 171

Шығыс Қазақстан аумағында 126 адам екпе салдырудан бас тартты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қоғамдық денсаулық қорғау департаментінде вакцинациядан бас тартудың ең жиі кездесетін себептері туралы айтып берді.


Бір қызығы, діни түсінік бұл тізімде алдыңғы орында емес екен. Діни көзқарас бойынша ата-аналардың тек 16 пайызы ғана бас тартқан.


Екпеден бас тартудың ең негізгі себебі – ғаламтордағы жағымсыз ақпараттың көптігі болып отыр.


ШҚО қоғамдық денсаулық қорғау департаменті басшысының орынбасары Гүлайым Тағаеваның айтуынша, екпеге деген шағын реакцияның өзін ата-аналар қауіп ретінде қабылдап, бұл туралы ақпарат тарата бастайды.


Ал екпеден болатын реакция – бұл организмінің қалыпты белгісі. Ол қарсы денелердің түзіліп, ауруға қарсы күштің пайда болғанын білдіреді


Екпе салдыртпаған балалардың иммунитеті әлсіз болып келетіндіктен жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайтын көрінеді.


Айта кетсек, Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы екпеден бас тартуды адамзат үшін ғаламдық қауіп-қатерлер тізіміне енгізген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив