KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Зейнеткерлер өз таңдауын жасады

6.10.2024, 10:00 108 Төлеуғазы Жансая

Таңнан бері Меновной кентіндегі №38 референдум учаскесінде АЭС құрылысы бойынша дауыс беруге 523 тұрғын қатысты. Негізі бұл сайлау учаскесіне 2109 адам тіркелген. Соның ішінде 1600 келеді деп жоспарланып отыр.  Солардың бірі –  Оралхан Жылдыбаев, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

– Балалардың болашағы үшін дауыс беру керек. АЭС салуға қарсы ма, жоқ, әлде келісе ме, оны әр азаматты біледі. Кәсіби мамандар АЭС-тің пайдасын айтып жатыр. Ал қарапайым адам ретінде, кәсіби мамандарға сенемін, – деді зейнеткер Оралхан Жылдыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша барлығы бір облыстық, екі қалалық, 11 аудандық, 538 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның құрамында 3844 мүше бар, 98-і аумақтық, ал 3746-сы учаскелік комиссияларда қызмет етпек. Дауыс беру жұмыстары кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. 

Ажар Мұратқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу