KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Пандус деген аты ғана. ШҚО-дағы тағы бір мәселе

23.01.2019, 03:23 115

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында өткен, 2018 жылғы атқарылған жұмысты қорытындылаған алқа мәжілісінде ерекше қажеттіліктерді талап ететін адамдар үшін өңірдегі әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын қайта бейімдеу жайы талқыға салынды.


Белгілі болғаны, облыстағы көптеген мемлекеттік мекемелердің кіре берісінде мүмкіндігі шектеулі жандар еркін кіріп шыға алатындай арнайы пандустар қарастырылмаған.


– Болған күннің өзінде талапқа сай стандартпен салынбаған. Көбісі тым биік әрі мүгедектер арбасына қолайсыз ені тар немесе кең болып кеткен. Сонымен бірге өңірдің ірі қалаларындағы қоғамдық көліктерде де арбаға таңылған мүгедектерге мүмкіндіктер қарастырылмаған, арнайы көтергіштер жоқ. Сонымен бірге алдағы уақытта инватаксилердің де санын арттыру қажет, - дейді бұл жөнінде облыстық қоғамдық кеңес жанындағы мүгедектер ісі бойынша сараптау жұмыс тобының жетекшісі Ольга Кузовлева.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу