KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
443.35 475.54 4.82

Өскемен тұрғыны бұрыңғы әйелін әлеуметтік желіде балағаттағаны үшін жауапқа тартылды

18.01.2019, 10:59 178

Өскемен қалалық сотында адамның ар-намысы мен абыройын қорғау туралы талап арызымен азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сотқа жүгінген жәбірленушінің айтуынша, ажырасқаннан кейін бұрыңғы күйеуі әлеуметтік желіде оның ар-намысы мен абыройына  келтіретін ақпарат жариялаған. Азаматша келтірілген моральдық зиян үшін одан 100 мың теңге өндіріп беруді талап етеді.


Сот отырысы барысында тараптар  келісімге келеді. Экс-күйеуі бұрыңғы жұбайынан кешіріп сұрап, 20 мың теңге мөлшерінде моральдық зиян төлеп берген екен. Бұл іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив