ШҚО-да 17 қаңтарда ауа райы қандай болмақ?
Шығыс Қазақстанда аймағында кешеден қар борап тұр. ТЖД жақын күндері метеорологиялық қауіпті құбылыстардың болуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 17 қаңтарда облыс аумағында кей жерлерде боран соғады. Сондай-ақ, желдің ұйытқуы 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде.