Аптаның соңына дейін аяз болмайды
Қазақстанда 17-19 қаңтар аралығында күн жылы болмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі «Қазгидромет» сілтеме жасап.
Еліміздің синоптиктері 17, 18, 19 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады. Бұл күндері ауа температурасы 5-тен 15 градусқа дейінгі аралықта сақталады деп күтілуде.
Республиканың солтүстігінде қар жауып, боран соғуы мүмкін. Оңтүстікте қар аралас жаңбыр, көктайғақ болып, тұман түседі деп болжануда.
Демек, биыл дәстүрлі «крещение аязы» болмайды деп айтуға негіз бар секілді.
Оқи отырыңыз