Сарапшылар әлемнің 52 еліндегі ең төменгі жалақы мен азық-түлік бағасын салыстырды
Picodi сарапшылары әлемнің 52 еліндегі ең төменгі жалақы деңгейі мен осы елдердегі сегіз негізгі азық-түлік тобының бағасын салыстырды. Қазақстан ең төмен нәтиже көрсеткендердің қатарында, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл зерттеуді жүргізу үшін сарапшылар азық-түлік тауарларының сегіз әмбебап санатын: нан, сүт, жұмыртқа, күріш, ет, көкөніс және жеміс-жидектерді орналастырған шартты себет жасады. Тізімдегі өнімдер ересек адамның көмірсу, ақуыз, талшық және минералды заттардағы қажеттіліктерін қанағаттандыратын көрінеді. Сондай-ақ бұл тауарлардың бағасын халықаралық қоғамдастық үнемі қадағалайды.
Picodi.com-ның есептеуі бойынша, Қазақстанда осы тізімдегі азық-түліктің себеті орта есеппен 20 914 теңге тұрады:
сүт (10 л) — 2694 теңге
нан (500 г- 10 дана) - 913 теңге
күріш (1,5 кг) — 394 теңге
жұмыртқа — (20 дана) - 570 теңге
ірімшік — (1 кг) - 1875 теңге
құс және сиыр еті (6 кг) — 9466 теңге
жемістер — (6 кг) - 3055 теңге
көкөніс — (8 кг) - 1947 теңге
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы 42 500 теңгені құрайды. Таңдалған өнімдердің орташа бағасын ескере отырып, оларға жұмсалатын шығынның қолға алынған ең төменгі жалақының 56,1% - ын құрайтынын көруге болады. Осылайша, Қазақстан 52 елдің ішінде 48-ші орынға жайғасты. Ресей рейтингте 42-ші, Украина 46-шы, Беларусь 43 орында тұр.