KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Әлемге әйгілі«The Wall Street Journal» мақалаларын енді қазақ тілінде оқуға болады

16.01.2019, 05:15 122

«Курсив» газеті «The Wall Street Journal» басылымымен коммерциялық серіктесі болды. Енді қазақстандықтар үшін америкалық іскерлік газеттің жабық материалдары да қолжетімді болады. Қос басылым өкілдері Алматыдағы баспасөз мәслихаты барысында ынтымақтастыққа келді, жеп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айта кетейік, қазақстандық газет әлемге әйгілі «Wall Street Journal» логотипін пайдалану құқығына ие болды. Енді «Курсив» америкалық әріптесі арқылы контентін қазақ және орыс тілдерінде таратпақ.


– Біз жергілікті жаңалықтар мен халықаралық тәжірибенің үйлесімі өз жемісін береді деп есептейміз. Бұдан былай қазақстандық оқырмандар «Wall Street Journal» газетінің оқырмандарына ғана қолжетімді ақпаратқа ие болмақ. Қазақстандық оқырмандар үшін материалдар қазақ және орыс тілдеріне берілетін болады, – деп атап өтті «Dow Jones International» агенттігі мен «Wall Street Journal» басылымының Еуропа елдерімен коммерциялық әріптестік департаментінің өкілі Питер Коллинс.


Ынтымақтастық аясында «Курсив» басылымының серіктестері мен оқырмандары үшін «Wall Street Journal» газетіне жылдық жазылу қолжетімді болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив