KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Риддерде 16 жастағы жасөспірімді бетон қирандылары басып қалды

15.01.2019, 04:08 93

Оқиға Риддер қаласында болды. Металл жинауға шыққан жас жігіт абайсызда ажал құшты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


ТЖ мәліметіне сүйенсек, 9 қаңтарда екі жігіт кеңшар маңында темірбетонды құрылымдарды бөлшектеп жүріпті. Кенет ескі плиталар құлап, 16 жастағы жасөспірімді басып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше, бозбала жан тапсырып үлгеріпті. Ал жасөпірімнің денесін қираған бетондардың астынан алып шығу үшін, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келген.


– Оқиға орнына 5 қызметкерден жасақталған құтқарушы топ жіберілді. Мәйітті алып шығу үшін арнайы құрал-жабдықтарды қолдануға тура келді, – деп мәлімдеді Риддер ТЖБ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив