KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Жармадағы шаруа қожалығы ет кластерін дамытпақ

14.01.2019, 10:03 326

Жарма өңірінде асыл тұқымды төлді өсірумен айналысатын серіктестіктер аз емес. Солардың ішінде Аршалы ауылдық округінде Асланбек Оспановтың бастамасымен құрылған «Болашақ» шаруа қожалығын ерекше атауға болады. Бүгінде агроқұрылым қазақтың ақ бас қызыл қасқа ірі қарасын көбейтуді жолға қойған.


Осыған дейін кәсіпкерлік саласында танылған Асланбек Оспанов, мал шаруашылығына ден қойғанына өкінген емес. Мәселен, шаруашылықтың негізі 2013 жылы қаланып о баста  асыл тұқымды ірі қараның 300 бас аналығы ғана болған. Небәрі 2 жылдың көлемінде қазақтың ақ бас қызыл қасқа ірі қара өсірушілердің палата мүшесіне айналып үлгерді.


- Бұл төл басы ауданда ертеден дамып келеді. Біздің табиғи жағдайымызда өсіріліп, баптауға қолайлы. Сондай-ақ, табиғи жетілуі тұрғысынан тиімді болып келеді. Қазір мал басы 800-ге жетті. Малдың санын өсіруге жұмыс жасалыып жатыр,- деп атап өтті қожалық басшысы.


Шаруашылық асыл тұқымды мал басын сатуды да іске асырмақ ниетте. Нақтырақ айтсақ,  ет өнімін өңдеу саласына ден қойылмақ. Осы мақсатта қожалық ет кластерін дамытуды көздеуде.


Серіктестік орналасқан «Қызыл қасқа» қыстағы үлкен шаруашылықтың ортасына айналу үстінде. Мұнда қожалық қызметкерлеріне арналған баспанамен қатар үш бірдей кең мал баздары бой көтерді. Техникалық паркі де жаңғыртылған. 6 трактор, 1 комбайн және жүк тасымалдайтын «Камаз» көлігі шаруашылықтың қажеттілігін қамтуға жеткілікті. Шаруаны дөңгелетуге мемлекеттік бағдарламалардың да шарапаты тиіпті.


- Лизингтің көмегімен үш жаңа тракторға ие болдық. Бұған қоса, «Құлан» бағдарламасы арқылы жәбе жылқысын өсіруді бастадық. Әзірге оның басы 300-ге жетті. Жылдың соңына дейін жәбе жылқысының палата мүшесіне енуге күш салып келеміз,- дейді Асланбек Оспанов.


Қазіргі уақытта шаруашылықта 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал маусымдық жұмыс барысында тағы 10 адамға дейін қызмет етеді екен. Межеленген жоспарлар іске асса қосымша еңбек орындарын ашу көзделген. Қожалықтың тынысын ретке келтірген шаруа, бұдан биік мақсаттарды алға қойып отыр. Айтулы істі жүзеге асыруға аудан билігіде көмектесуге әзір.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив