KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Доллардың бағамы жыл басынан бері 12 теңгеге арзандады

10.01.2019, 07:13 188

Қазір елімізде доллар курсының орта бағамы  374,18 теңгені құрайды. Соңғы күндері оның бағамы біршама арзандаған екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мысалы, 9 қайтарда доллар 373,66 теңгені құрап, өткен бағасынан 4,46 теңгеге дейін арзандаған. Одан бір күн бұрын 8 қаңтарда 5,61 теңгеге төмендеген екен.


Бірақ Қазақстанның қор биржасындағы бүгінгі таңғы сауда сессиясында доллар бағамы қайта 1,16 теңгеге қымбаттап отыр.


29 желтоқсанда өткен жылдың соңғы сауда сессиясында АҚШ валютасы  384,2 теңгеге дейін шарықтап кеткен болатын. Сол кезден бері 11,69 теңгеге арзандағанын байқауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу