Өскеменде тоғызқұмалақтан турнир өтуде
Бүгін Өскемендегі "ZHULDYZ" спорт кешенінде Ұлан ауданының мәдени күндеріне орай тоғызқұмалақтан турнир өтуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"Туған жер-алтын бесігім" облыстық жобасы аясында Ұлан ауданының спорт бөлімі ұйымдастырып отырған шараға 30 адам қатысты.
Тоғызқұмалақ- қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын түрі облыста соңғы жылдары жақсы дамып келеді.
Сарапшылардың айтуынша, дәстүрлі ойын адамның логикалық ойлау қабілетін және математикалық дағдыларын дамытады. Сондықтан тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысатын жас буын өкілдерінің қатары артып келе жатқандығы қуантады.
Турнирдің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапаталады.
Айжанат Бақытқызы