KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Алтай ауданының перзентханасы заманауи құрылғылармен жабдықталды

9.01.2019, 08:59 94

Алтай ауданының перзентханасы заманауи құрылғылармен жабдықталды. Бұдан былай жүкті әйелдер жоғары деңгейдегі медициналық қызмет үшін облыс орталығына сабылмайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Перзентханының заманауи құрылғылармен жабдықталуы нәтижесінде ол қызмет көрсетудің жаңа - үшінші деңгейіне көтерілді.


Перинаталдық көмектің үшінші деңгейі жүктілігі ойдағыдай өтпеген анаға ғана емес,салмағы жетпей туған нәрестеге де жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетумен ерекшеленеді.


- Өзге медициналық мекемелермен салыстырғанда перзентхананың жоғары деңгейде болуы маңызды. Өйткені адам өмірінің ең қорғансыз кезеңі осында өтеді. Аудандық перзентхананы қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне шығару көптен бері көкейімізде жүрген дүние болатын. Облыс басшысының қолдауымен бүгін міне нақты іс-шараларға көштік. Перзентхананың заманауи құрылғылармен жабдықталуы дәрігерлердің мүмкіндігін кеңейтуге жол ашып қана қоймай, ана мен балаға реанимациялық көмек көрсетуге де мүмкіндік туғызып отыр,-дейді аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив