KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 4 м/с, С
482.86 533.17 5.08

ШҚО-да референдум күні 538 учаске жұмыс істейді

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 16:00 0 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында 6 қазанда өтетін АЭС салуға қатысты референдумда 538 учаске жұмыс істейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО референдум комиссиясының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 538 референдум учаскесі жұмыс істейді. Облыста барлығы 487 824 сайлаушы бар.

­– Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға дауыс беруге жағдай жасау үшін қосымша шаралар қабылданды. Шығыс Қазақстанда бүгінде мүгедектігі бар 2160 адам тіркелген. Олар дауыс беретін учаскелерге нұсқаулықтар берілді. 525 учаске бірінші қабатта орналасқан, 492-сі пандустармен, 511-і әртүрлі тактильді көрсеткіштермен жабдықталған, – делінген ақпаратта.

Мүгедектігі бар адамдар тұратын 509 учаскеде кресло-арбаларды пайдаланатын азаматтарды ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар әзірленген.

– Дауыс беру күні инватаксиді тарту мәселесі шешілді. Өскеменде 10, аудандарда 6 машина іске қосылады. Сурдоаудармашылардың қызметімен референдумның 117 учаскесі қамтылады. Барлық 538 учаскеде трафарет көзделген, оның көмегімен көру қабілеті нашар азаматтар аудио нұсқасын тыңдағаннан кейін бюллетеньді өз бетінше толтыра алады, – делінген хабарламада.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив