KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-дағы сауда нысандарына мемлекеттік қолдау көрсетіледі

4.10.2024, 11:44 137 Ержан Әбіш

Қазан айында сауда нүктелерінің иелеріне жеңілдетілген қаржыландыру беру жоспарлануда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО Кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Сауда және қызмет көрсету кеңесінде несиелік мөлшерлемені субсидиялау және несиелік кепілдемелер беру туралы толық мәліметтер айтылды.

Мемлекеттік қолдау шаралары сауда нарықтарын жаңғыртуға, сауда нысандарын салуға, кеңейтуге және қайта құруға, сондай-ақ қолжетімді дүкендер ашуға және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге бағытталған.

Жобаларды жүзеге асыру үшін облыс орталығындағы несие сомасы 3 млрд теңгеден, моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде 1,5 млрд теңгеден аспауға тиіс. Инвестициялық мақсаттар үшін субсидиялау мерзімі 5 жылдан, айналым қаражатын толықтыру үшін 3 жылдан аспайды.

Міндетті талаптардың бірі – сауда алаңының кемінде 20%-ын азық-түлік емес тауарларға, 20%-ын азық-түлік тауарларына арнау, сондай-ақ сөрелердің 30%-ын отандық азық-түлік өндірушілеріне резервтеу. Сөрелердегі отандық өнімдердің үлесі 50%-ды құрауға тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу