KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

АЭС – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы

4.10.2024, 15:30 132 Төлеуғазы Жансая

Бүгін АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халық штабының мүшелері Өскемен су арнасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. 
Кездесуде атом электр станциясын салу мен пайдаланудағы қауіпсіздік, жергілікті мамандардың құзыреті, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Егер АЭС бой көтеріп, ел игілігіне берілсе, көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61-ден 40 пайызға дейін төмендейді. Осылайша, атом электр станцияларының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуде қабылданған стратегиясын орындаудың негізгі қадамы болмақ»,-деді штаб мүшесі Сергей Коротин. 

Жиын соңында жиналғандар энергетикалық проблемаларды шешу және тұрақты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі атом энергетикасының маңызын түсіндірілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу