KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Жол сапасын жақсартудың жаңа тәсілі сыналып жатыр

Фото: depositphotos.com

4.10.2024, 15:00 136 Ержан Әбіш

Елімізде жергілікті топырақ тұрақтандырғыштарын пайдаланып, жол сапасын жақсарту бойынша зерттеу басталды. «ҚазжолҒЗИ» мамандары әрбір климаттық аймаққа сәйкес материалдарды мұқият тестілеуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл зерттеулердің мақсаты – ең тиімді шешімдерді таңдау.

– Зерттеу нәтижелері бойынша мердігер ұйымдарға топырақтың түрі мен климаттық жағдайларға байланысты тұрақтандырғыштарды тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Бұл шаралар еліміздегі жолдардың негізін жақсартып, олардың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу