KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да тасқынға қарсы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр (видео)

4.10.2024, 17:00 166 Ержан Әбіш

Келер жылғы су тасқынының алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының 11 ауданы мен 2 қаласында 55 іс-шара жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның 25-і облыстық, 30-ы аудандық бюджет есебінен қаржыландырылуда. Қазіргі таңда бір облыстық және алты аудандық жоба аяқталды (Риддер ­– 1, Алтай – 2, Зайсан – 2, Катонқарағай – 1).

Бүгінгі таңда Самар ауылындағы Лайлы өзенінің жағалауын нығайту және арнасын тазарту, Сарытерек округінің Шалқар ауылындағы қорғаныс бөгетін қалпына келтіру және Қарабұлақ ауылдық округінің Сәтбай ауылындағы су тасқынына қарсы бөгетті жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ Алтай ауданында Маяк ауылындағы арықты тазарту және Богатырево ауылының бөгетін жөндеу, Ақ Үбі өзенінің жағасын нығайту, Риддер қаласынан 41 км қашықтықтағы көпірді жөндеу, Шемонаиха ауданында Верх-Уба ауылынан жоғары орналасқан Лосиха өзеніндегі су қоймасының бөгетін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған шаралар осы өңірлердегі елді мекендерді су басу қаупін едәуір азайтады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу