Полицейлердің формасы неге әлі ауыстырылмаған?
Өткен жылы елімізде полиция қызметкерлерінің формаларын ауыстыру туралы хабарланып, жаңа үлгідегі нысанды киімдер көпшілікке таныстырылған болатын. Алайда сол форманы полицейлерге кигізуге асықпай отыр. Оның себебін Ішкі істер министрлігінде айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменовтың мәлімдеуінше, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған жұмыс киімінің дизайны әлі талқылануда. Жаңа форма барлық ұсыныстар қаралып, зерттелгеннен кейін ғана бекітілетін болады. Бұл бағытта арнайы топ құрылып, комиссия жұмыс жүргізіп жатыр екен.
Айта кетсек, полицейлердің нысанды киімдері елімізде 2005 жылдан бері ауыстырылмаған.