KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3 м/с, В
441.79 478.77 4.9

ШҚО әкімінің аппаратына жаңа басшы келді

8.01.2019, 08:34 135

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына жаңа басшы келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аймақ басшысы Даниал Ахметов бұл қызметке Жасұлан Сарсебаевты тағайындады.


Жасұлан Бірлікұлы Сарсебаев 1986 жылы 22 шілдеде бұрынғы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Мамандығы заңгер.  Еңбек жолын «Қазақстандағы жас заңгерлер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Семей қаласы бойынша филиалының директоры болып бастаған. Әр жылдарда Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктер және саяси партиялармен жұмыс бойынша бөлімнің бас маманы, мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2015 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы болып қызмет еткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив