KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
440.92 475.36 4.82

ШҚО-ның энергетиктер басқармасына жаңа басшы тағайындалды

1.04.2012, 18:00 184


Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аппаратқа өңірдің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған Алмас Аманқолұлы Оңдағановты таныстырды.

Ол осы қызметке келмес бұрын аталмыш басқарма бастығының орынбасары болған.

А. Оңдағанов 1974 жылы дүниеге келген, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын тәмамдаған.

Өзінің еңбек жолын Тарбағатай аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің инспекторы қызметінен бастаған.

ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің демпингке қарсы бақылау комитетінің бас маманы, ШҚО энергетика, индустрия, телекоммуникация және сыртқы экономикалық байланыс басқармасы бөлімінің маманы, басшысы болып қызмет жасаған.

Кейін Курчатов қаласы әкім аппаратының жетекшісі, Техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша басқармасының бастығы қызметін атқарған. Сондай-ақ «Қазақстан метрология институты» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалының директоры, «ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ТКШ бөлімінің бастығы болған.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив