KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Майдангер Құрмат Рахимов күршімдік оқушыларға сабақ берді

23.05.2024, 11:21 168 Ержан Әбіш

Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимов өзінің 100 жылдық мерейтойына орай, туған өлкесіне барып қайтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ақсақал сол кезде Кумашкино деп аталған Күршім ауылынан 1942 жылы 17 жасар бозбала ретінде майданға аттанған.

– Өзіңді өсірген елге деген сағынышты қазір ерекше түсінесін. Мен мұнда соңғы рет 2010 жылы болдым, туған жерімнің ауасын жұтқым келді, келгеніме қуаныштымын, – деді Құрмат Рахымұлы.

Отставкадағы милиция полковнигі Құрмат Рахимовты туған жеріне ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев пен ШҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Ерхат Шалқыбаев алып барды.

Даңқты жерлесті ауылдың кіре берісінде аудан әкімі Алмат Ақышов жылы қарсы алды. Ардагер Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінде өзінің құрметіне ашылған кадет сыныбына барды. Оқушылармен әңгімелесіп, соғыстағы естеліктерімен бөлісті, қалай жұмыс істегені, полиция қызметі, шығармашылығы туралы айтты. Оқушыларға және полиция қызметкерлеріне ерлік сабағын өткізді.

Ардагер білім ошағына құрал-жабдықтарды, мектеп директорына өз кітабын сыйға тартып, баршаға ақ батасын берді. Оқушы Құрмат Рахимовқа өзі салған ақсақалдың портретін сыйға тартты.

Ардагер қиын өмірлік жағдайға тап болған жерлестеріне қаржылай көмек көрсетіп, Бокстан Азия турнирінде алтын алған жергілікті спортшы Шырын Манапованың жетістігін мақтанышпен атап өтті.

Ауыл көшелерімен жүрген Құрмат Рахимов жан-жағына көз жүгіртіп, туған жері қандай болғанын еске түсірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу