KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
495.95 524.37 4.98

8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

8.01.2019, 03:36 108

«Қазгидромет» мамандары мәліметі бойынша 8 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, сонымен бірге кей жерлерде жауын-шашын айтарлықтай мол жауады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сондай-ақ кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді деп болжанды.


– Ақмола, Қостанай,  Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады. Ақмола мен Қостанайда сонымен бірге тұман түседі. Ал Қарағанды және Шығыс Қазақстан өңірінде жел күшейеді – деп мәлімдеді синоптиктер.


Сондай-ақ Алтайдың аязы тағынан түсті әзірше. ШҚО-да сынап бағанасы түнде 8-13, күндіз 3-8 градусты көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу