KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 1,1 м/с, В
481.19 538.45 5.18

Даниал Ахметов православтарды Рождество мерекесімен құттықтады

7.01.2019, 02:26 112

Қаңтардың 6-нан 7-не қараған түні Өскемен қаласындағы Стрелка шағын ауданында орналасқан православтардың Қасиетті Андрей храмында Рождество мерекесіне арналған құлшылық ету рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мерекеге аймақ басшысы Даниал Ахметов, облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк пен қала әкімі Жақсылық Омар келіп, қатысты. Салтанатты шараны Өскемен және Семей Епархиясының епископы Амфилохий ашты. Одан соң облыс Әкімі құттықтау сөз сөйледі.


– Рождество – бейбітшілікті, достықты, жасампаздықты, өмірдің өзін бейнелейтін, жарқын болашаққа деген сенімді үміттің мейрамы. Бұл – бірінші кезекте қайырымдылық жасау. Біздер кембағал, науқас жандарға көмек қолын созуға міндеттіміз. Жалпы, мен ізгілікті істерді күнделікті үзбей істеп отыру керек деп ойлаймын. Аталмыш мейрам баршамызды татуластыққа, кешірімді болуға шақырады. Қазіргі кезде әлемнің түкпір-түкпірінде соғыс өрті лаулап, мыңдаған адамдар мерт болуда, сондықтан кешірімділікке адамдар ғана емес, мемлекеттер де мұқтаж. Бүгін мұнда жас балалардың көптеп келуі мені ерекше қуантты. Бұл мәдениеттің, діннің, тарихтың сабақтастығын көрсетеді! – деді аймақ басшысы.


Даниал Ахметов бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан аумағында шамамен 105 ұлттың өкілдері тұратынын, облыс басшылығы тарапынан олардың бейбіт өмір сүруі үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын да атап өтті

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив