Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды
Қазгидромет мамандары 14, 15 және 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромед" РМК.
Синоптиктер мәліметінше, Иран аймақтарынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық аумағына әсерін тигізеді.
Синоптиктер мәліметінше, Иран аймақтарынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық аумағына әсерін тигізеді.
"Жылы ауа массасы жазғы ауа температурасын әкеліп, Қазақстанның бүкіл аумағына әсер етеді. Тіпті еліміздің солтүстігінде термометр бағаны күндіз 30-35 градус болады", - делінген хабарламада.
Бірақ жоғары температураға қарамастан, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады.
"15 шілдеден бастап батысқа қарай, ал 16 шілдеден бастап Солтүстік циклон елдің солтүстігіне әсер ете бастайды, бұл ауа температурасының аздап төмендеуіне әкеледі", - деді синоптиктер.
Оқи отырыңыз