Өскемендегі 1000 отбасыға қайырымдылық жасалды - мешіт
Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық қоры" "Рамазанның сауабы" акциясын жариялаған болатын
Бұл акция аясында Өскемен қаласындағы 1000 отбасыға қайырымдылық жасалды.
- Құран Кәрімде Алла Тағала "(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)" деген. Қасиетті Рамазан айында аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытында осынау ауқымды қайырымдылық шарасын жасап отырмыз. Мұқтаждарға қасиетті Рамазан айының берекетін сезіндіру, мешіттің мейірімділігін көрсету басты парызымыз. Іс-шара Өскемен аймағына қарасты барлық мешіттерде Рамазан айы бойы қарқынды жүріп жатыр, - деп атап өтті Өскемен аймағы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық қорының" өкілі Берік Кәдірұлы.
Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бұл жолы қайырымдылық қорабына барлығы 30 келіден артық болатын азық-түлік салынған.