Бас мүфти алғашқы тарауық намазында уағыз айтты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астанадағы Республикалық бас мешітте биылғы Рамазан айының алғашқы тарауық намазына қатысып, жамағатқа уағыз айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі muftyat.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
«Әлем мұсылмандары асыға күтетін, айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келіп жетуі – баршамыз үшін үлкен қуаныш. Өйткені, бұл ай – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлық пен тақуалықтың, нәпсіні тәрбиелеу мен кешірімділіктің айы», – деді Бас мүфти.
Сондай-ақ, ҚМДБ төрағасы жамағатқа тақуалықтың мәні мен оразаның рухани маңызы жайлы айтып, тақуалықтың тек қана ішіп-жеуден тыйылу емес, жүрек пен ойды да тазарту екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз