KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
501.49 525.71 5.77

ТМД елдеріндегі ең тиімді президент кім? – ЖИ жауабы

Фото: istockphoto.com

Бүгін, 10:00 82 Әбішев Ержан

Жақында жасанды интеллект ТМД елдерінің басшыларын тиімділік тұрғысынан сараптап, рейтинг жасады. Бұл талдау барысында экономикалық жетістіктер, сыбайлас жемқорлық деңгейі, жүргізілген реформалар, сыртқы саясат және саяси тұрақтылық секілді негізгі факторлар ескерілді. Нәтижесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ең тиімді басшы ретінде танылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҮЗДІК ҮШ БАСШЫ: 
Қасым-Жомарт Тоқаев (Қазақстан) – реформалар, сыбайлас жемқорлықпен күрес, көпвекторлы саясат. 
Шавкат Мирзиёев (Өзбекстан) – экономиканы либерализациялау, инвестиция тарту, көршілес елдермен қарым-қатынасты жақсарту. 
Майя Санду (Молдова) – Еуропамен интеграция саясаты, сыбайлас жемқорлықпен күрес, бірақ елде ішкі тұрақсыздық бар.

ОРТАША ДЕҢГЕЙДЕГІ БАСШЫЛАР: 
Александр Лукашенко (Беларусь) – экономикалық тұрақтылық бар, бірақ репрессиялар мен Ресейге тәуелділік жоғары. 
Ильхам Әлиев (Әзірбайжан) – мұнайға негізделген экономика, Қарабақтағы жеңіс, бірақ автократиялық билік. 
Владимир Путин (Ресей) – жаһандық ықпал, бірақ санкциялар, соғыс және экономикалық құлдырау.

РЕЙТИНГТІҢ ТӨМЕНГІ САТЫСЫНДАҒЫЛАР: 
Садыр Жапаров (Қырғызстан) – саяси тұрақсыздық, жемқорлық мәселелері. 
Эмомали Рахмон (Тәжікстан) – авторитарлық басқару, кедейлік, миграция деңгейінің жоғарылығы. 
Сердар Бердімұхамедов (Түрікменстан) – жабық ел, жеке басқа табынушылық, экономикалық тоқырау.
Жасанды интеллекттің қорытындысы бойынша, ең тиімді президент Қасым-Жомарт Тоқаев деп танылса, ең тиімсіз басшы Сердар Бердімұхамедов болды. Түрікменстан әлі күнге дейін жабық әрі экономикалық артта қалған мемлекеттердің қатарында қалып отыр.

Бұл талдау ТМД елдерінің дамуы мен саяси басқару үлгісіне деген қызығушылықты арттырары сөзсіз. Әрбір басшының жүргізіп отырған саясаты өз еліне қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу